Accessibility links

Әзербайжан Арменияның тұтқындағы сегіз солдатын қайтарды


Армян-әзербайжан шекарасы. Көрнекі сурет.
Армян-әзербайжан шекарасы. Көрнекі сурет.

Әзербайжан былтыр Қарабақтағы қақтығыс кезінде тұтқындалған сегіз армян солдатын еліне қайтарды. Тараптар шекарадағы жағдайды ушықтырмау мақсатында жаңа келіссөз өткізу мәселесін қарастырып жатыр.

Әзербайжан ресми орындарының хабарлауынша, 7 ақпан күнгі қадам "гуманистік принципке" негізделіп жүзеге асырылған. Ақпаратқа қарағанда, армян солдаттары Ереванға оралған. Арасында былтыр қарашадағы шекара қақтығысына қатысы бар арнайы жасақ өкілдері де бар. Француз президенті Эммануэль Макронның айтуынша, Франция аталған топты Әзербайжаннан алып кету үшін ұшақ жіберген.

"Әзербайжанның босатуы және 8 адамды Арменияға қайтару Эммануэль Макрон, Әзербайжан басшысы және Армения премьер-министрімен кездесуден кейін байқалған оң өзгерістердің бірі" деп жазды Туиттер желісінде Еуропа комиссиясының жетекшісі Шарль Мишель.

Баку бұған дейін 2021 жылдың 16 қарашасында 7 солдат қаза болды деп мәлімдеген. Армения алты азаматтың опат болғанын және арнайы жасақтың 30 мүшесінің тұтқындалғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG