Accessibility links

Өзбекстанда блогер елдің екі президентіне тіл тигізді деген айыппен үш жылға сотталды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев блогерлер мен журналистермен бірге. 2019 жыл.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев блогерлер мен журналистермен бірге. 2019 жыл.

Өзбекстанның Хорезм облысында аудандық сот президенттің қадыр-қасиетіне нұқсан келтірді деген күдікке ілінген блогер Собиржон Бобонтезовты үш жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл туралы "Эзгулик" құқық қорғау ұйымының жетекшісі Әбдірахман Ташанов мәлімдеді.

Оның сөзінше, Бустон ауылында тұратын Бобониязов Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов пен қазіргі мемлекет Шавкат Мирзияевтің қадыр-қасиетіне нұқсан келтірді деп танылған.

Тергеу материалдарына сәйкес, блогердің телеграм каналында "Ислам Каримов пен Шавкат Мирзияевтің ар-намысын таптайтын видеолар" жарияланған.

Айыптау үкімінде блогер бұл істі "мас күйінде білмей жасағаны" айтылған.

Президентті жария түрде қорлау немесе ғайыптау туралы былтыр көктемде енген заңнамалық өзгерістерге сәйкес, Өзбекстанда мұндай күдікке ілінген азаматтар 3 жылға дейін қоғамдық түзету жұмыстарына жіберілуі мүмкін немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе 2-5 жыл шартты жаза алуы мүмкін.

Елде бұған дейін кейбір блогерлер билікті сынап, қылмыстық жауапқа тартылған.

Құқық қорғаушылар биліктің Ташкентті сынаған блогерлерді қудалауын айыптап, жаңа заңдағы өзгерістер сөз еркіндігін шектейді деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG