Accessibility links

Қырғызстанда белсенділер АЭС салуға қарсы қол жинай бастады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда экологиялық ұйымдардың мүшелері мен белсенділер елде атом электр станциясын (АЭС) құруға қарсы қол жинай бастады. Соңғы мәлімет бойынша, онлайн петицияны 60-тан астам адам қолдады.

Белсенділер АЭС-ке шикізат қайдан келетіні, қалдықтар қайда жиналатыны, залалсыздандыру қалай болатыны, қауіпсіздік мәселесі қалай болатыны жөнінде бірде-бір мәлімет жоқ екенін білдірді.

20 қаңтарда Дубайда өткен ЭКСПО-2020 көрмесі аясында Қырғызстанның энергетика министрлігі Ресейдің "Росатом" корпорациясы мен Қырғызстанда АЭС салу туралы келісімге қол қойылғанын жеткізген. Оған сәйкес, Қырғызстанда RITM-200N реакторлық станция базасында аз қуатты атом электр станциясын құру жоспарланған.

Министрлік 21 қаңтарда мәлімет беріп, заңдар, жан-жақты сараптамалар, экологиялық қауіпсіздік жағдайлар еске алынып қана АЭС салу шешімі қабылдануы мүмкін екенін хабарлаған.

Climate Action Network атты климат өзгеруіне бағытталған ұйымның Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Ольга Бойко осыған дейін Қырғызстанда АЭС салу жобасын сынға алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG