Accessibility links

Ресейлік әсіреұлтшыл саясаткер Жириновскийдің коронавирусқа шалдығып, жағдайы нашар күйде ауруханаға түскені хабарланды


Владимир Жириновский.
Владимир Жириновский.

Коронавирусқа шалдыққан Ресей либерал демократиялық партиясының жетекшісі, ультраұлтшыл саясаткер Владимир Жириновский ауруханаға түсті. Ресей ақпарат құралдарының жазуынша, саясаткердің хәлі ауыр.

9 ақпанда бірнеше ақпарат агенттігі парламент пен партияға жақын дереккөзіне сүйене отырып 75 жастағы саясаткердің өкпесі коронавирустан қатты зақымданғанын жазды. Мәліметті тәуелсіз ақпарат көздерінен тексеру мүмкін болмады.

Кейінгі кезде Жириновский жұрт алдына шықпай кеткен. ЛДПР жетекшісінің орынбасары Василий Власов осыған дейін "Интерфакс" агенттігіне саясаткердің "қағаз жұмыстарымен" шұғылданып жүргенін айтқан. Ол Жириновскийдің нақты қайда екенін айтпаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG