Accessibility links

Түркіменстан президенті билікті "жас басшыларға" тапсыруға дайын екенін мәлімдеді


Түркіменстанның авторитар басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов сенат отырысында сөйлеп тұр. 11 ақпан 2022 жыл.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов билікті "жас басшыларға" беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұған дейін оның билікті ұлына тапсыруға дайындалып жатқаны туралы түрлі сыбыс-қауесет тараған.

64 жастағы авторитар басшы мұндай мәлімдемесін 11 ақпан күнгі парламенттің жоғарғы палатасы Халық мәслихаты отырысы кезінде айтты. Жиын Түркіменстан басшысының билікте отырғанына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылған.

Бердімұхамедов билікті қыркүйекте 40 жасқа толатын ұлы Сердар Бердімұхамедовке беруге дайындалып жатыр деген сыбыс бір жылдан бері тарап жатыр. Заң бойынша, жасы кемінде 40-қа жеткен адам президент болып сайлана алады. Сердар Бердімұхамедов былтыр премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалған. Бұл ол атқарып отырған бірнеше ресми қызметтің бірі.

Егер ол әкесінің мұрагеріне айналса, ол әлемдегі ең ірі шикізат қорына ие болғанына қарамастан Еуразиядағы ең кедей және жабық елдердің біріне айналған мемлекетті басқарады.

Жұма күнгі сенат отырысына Сердар Бердімұхамедов те қатысып, 2052 жылға дейінгі ұлттық экономиканы дамыту жоспарын таныстырды. 30 жылдық жоспардың мазмұны жарияланған жоқ және Гурбангулы Бердімұхамедов биліктен нақты қашан кететінін де айтқан жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG