Accessibility links

Жаңаөзенде Қаңтар қырғыны құрбандарын еске алу шарасына бармақ болған белсенді үйінен шыға берісте ұсталды


Жаңаөзен.
Жаңаөзен.

Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында 13 ақпанда Қаңтар қырғыны құрбандарын еске алу шарасына бармақ болған белсенді Жадыра Досекеева үйінен шыға берісте ұсталды. Жексенбі күн күндіз ол Facebook желісінде тікелей эфирге шығып, өзін екі күннен бері белгісіз көлікте отырғандар аңдығанын, сол себепті ұстап әкете ме деп сескендіктен эфирді қосып үйінен шыққанын айтты. Сәлден соң оның жанына ақ түсті көлік тоқтап, одан жәй киім киген маска таққан бірнеше ер адам шығып, әйелді күшпен көлікке отырғызады. Олар белсендінің телефонын тартып алғанға ұқсайды. Қазір белсендінің телефоны өшіп тұр.

Жергілікті белсенділер Жадыра Досекееваны полиция ұстап әкеткен болуы мүмкін деп болжайды. "Жәй киім киіп, өздерін таныстырмай адамдарды бөлімшеге алып кету – полицияның әдеті" екенін тұрғындар жиі айтады. Қазір олар полиция бөлімшесіне апарып, анықтауға тырысып жатыр.

Жаңаөзен полициясы әзірге жауап бермеді. 13 ақпанда Қазақстанның түрлі аймағында белсенділер жиналып, қаңтар құрбандарын еске алмақ. Алматыда қаралы митинг түскі сағат 12-де басталады. Қазір алаңға адамдар жиналып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG