Accessibility links

Тәжікстан мемлекеттік тіл заңын бұзғандарға айыппұлды көбейтіп, балаға ат қоюды реттей бастаған


Эмомали Рахмон
Эмомали Рахмон

Өткен жылы Тәжікстанда мемлекеттік тіл туралы заң нормасын бұзылуына байланысты 57 әкімшілік іс қозғалыпп, 48 мың 660 сомони (4300 АҚШ доллары) айып салынған. Бұл жөнінде Тәжікстан үкіметі жанындағы Тіл және терминология комитеті хабарлады.

Тіл және терминология комитеті баласына ат қою жөнінде 1184 өтініш қараған. Оның 555-і қанағаттандырылып, қалғаны қайтарылған.

2015 жылы Тіл және терминология комитетінің бір топ маманы жаңа туған нәрестелерге қоюға болатын тәжік есімдерінің бірыңғай реестрін (тізім) дайындаған. Реестрге үш мыңнан астам есім белгіленіп, тәжік, ағылшын, орыс тілдерінде қалай жазылуға тісті көрсетілген нұсқаларымен жарияланған. Ұлттық есімдер тізім жыл сайын жаңарады. Тіркеу орындары жаңа туған нәрестеге ат қоярда ресстрге қарайды. Аз ұлт өкілдеріне өздерінің ұлттық дәстүрі мен мәдениетіне сай ат таңдауға еркіндік берілген.

Заң тәжіктердің балаға "заттың, жан-жануарлар мен құстардың атын, адамның қадір-қасиетін түсіріп, ел ішіне жік салатын ат" қоюға тыйым салынған. Мұнан өзге молла, халифа, шейх, қожа, уәли, ахун, әмір, сопы сияқты діни қосымша жалғауға да рұқсат етпейді.

Балаларына рееестрде жоқ, сирек кездесетін ат қойғысы келген ата-аналар Тіл және терминология комитетінің рұқсатын алуға тиіс. Тәжік белсенділері есімді реестрмен бекітуді азамат құқығын бұзу деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG