Accessibility links

Көп балалы әке талаптарын айтып, Ақордаға барды


14 баланың әкесі Бағлан Орынбеков өзін оңтүстіктен солтүстік өңірге қарай қоныстандырмай отырғанына шағымданды. Нұр-Сұлтан, 18 ақпан 2022 жыл.
14 баланың әкесі Бағлан Орынбеков өзін оңтүстіктен солтүстік өңірге қарай қоныстандырмай отырғанына шағымданды. Нұр-Сұлтан, 18 ақпан 2022 жыл.

Былтырдан бері өзі мен отбасын солтүстік өңірге қоныстандыруды талап етіп жүрген шымкенттік көп балалы әке Бағлан Орынбеков 18 ақпанда тағы да Ақордаға барды. Былтыр көктемде Ақордаға бала-шағасымен бірге барып, кеттлингке алынған көп балалы әке содан бері президентке де, президент көмекшісіне де хат жазып, жауап ала алмағанын айтады. Айтуынша, жағдай өзгермеген, солтүстік өңірлер отбасын қабылдамай отыр.

"Жағдай өзгермек түгілі, керісінше ҰҚК тыныштық берген жоқ. Милициялар үйге келіп, бала-шағамды қорқытты. Бұған дейін Тоқаевқа арыз жазып, екі ай күттім. Жауап келмеді. Одан кейін [президент көмекшісі] Тамара Дүйсеноваға арыз жаздым. 1,5 ай күттім, жауап келмеді. Сол себепті Ақордаға қайтадан келдім. Мәселем шешілмейінше астанадан кетпеймін" деді Бағлан Орынбеков 18 ақпанда Азаттық тілшісіне.

Оның сөзіне қарағанда, 4 ақпанда оны президент көмекшісі Тамара Дүйсенова қабылдап, бес облыс (Павлодар, ШҚО, СҚО, Қарағанды, Қостанай) әкімдерімен онлайн кездесу өткізіп, мәселе шешілгендей болған. Артынша Павлодар мен Өскеменге барған кезде "жергілікті биліктің түрлі сылтаумен" қабылдамай қойғанын айтты.

Жұма күні оны президент әкімшілігінің азаматтарды қабылдау кеңсесінің заңгері Әлия Мырзабек қабылдады. Сәлден соң кездесуден шыққан көп балалы әке заңгерлердің оған тағы арыз жазуды тапсырғанын, келесі аптада Тамара Дүйсеновамен кездестіруге уәде еткенін айтты.

14 баланың әкесі Бағлан Орынбеков бұған дейін оңтүстіктен солтүстікке көшуіне "жұмыссыздық, баспана мәселесінің шешілмеуі" түрткі болғанын айтқан. Ол бұған дейін өзін қабылдамауға "діни көзқарасы себеп болуы мүмкін" екенін де болжаған.

Қазақстанда баспана мәселесінің шешілмеуіне байланысты наразылықтар жиі болады. Көп балалы отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған немесе мүгедектігі бар ата-аналар баспана кезегінің баяу жылжитынына, мемлекет тарабынан әлеуметтік көмектің мардымсыздығына жиі шағымданады. Ал билік баспана кезекпен берілетінін, кезекті өзгерте алмайтындығын жиі алға тартады.

Қарай отырыңыз: Арнайы жасақ үй талап еткен көп балалы отбасыны кеттлигке алып, Ақордаға өткізбеді (25 мамыр 2022 жыл).

Арнайы жасақ үй талап еткен көп балалы отбасыны кеттлигке алып, Ақордаға өткізбеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:07 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG