Accessibility links

Баян Мақсатқызының тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы "Бақыт" фильмі Берлинде жүлде алды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Режиссер Асқар Ұзабаев пен продюсер Баян Мақсатқызының (серіктес продюсер Анна Качко (Ресей) тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы "Бақыт" көркем фильмі Берлин кинофестивалінің "Панорама" секциясында көрермен жүлдесін жеңіп алды.

"Панорамада" жеңісті киноиндустрияның кәсіби мамандарынан құралған жюри емес, киноны көріп болған соң дауыс беретін қарапайым көрермен анықтайды. Биыл секцияға 29 картина ұсынылған.

"Бақыт" фильмінің соңындағы титрда БҰҰ мәліметі бойынша Қазақстанда тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан жылына 400-ге жуық әйел өлетіні, айына орта есеппен 120 әйел зорланатыны, 5232 әйел ұрып-соғылатыны, 72 әйел мертігетіні, 14 әйел өлтіріліп, 48 әйел өзіне-өзі қол салатыны туралы мәлімет келтірілген.

2016 жылы "күйеуінен зорлық-зомбылық көрдім" деп мәлімдеген Баян Мақсатқызы "Настоящее Времяға" берген сұқбатында сценаридің негізгі желісі өз өмірінен алынғанын айтты.

"Елімізде тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы заң шын мәнінде жұмыс істегенін, сондықтан біздегі жағдайды Еуропа көрсін, еркектер мұндай әрекеттер заңмен жазаланатынын түсінсін дедім. Берлиндегі премьера әсер ететін шығар деп ойлаймын" дейді ол.

Фильм сюжеті қазіргі уақытта Қазақстанның шағын қалаларының бірінде көп жылдан келе жатқан зорлық-зомбылыққа арналған.

Кино продюсер ақшасына және краудфандинг тәсілімен жиналған қаржыға түсірілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG