Accessibility links

Германия канцлері Олаф Шольц: Иранға екі жолдың бірін таңдайтын сәт туды


Олаф Шольц
Олаф Шольц

Германия канцлері Олаф Шольц Иранды ядролық қару жөніндегі 2015 жылғы келісімді құтқаруға бағытталған келіссөздерге кедергі жасамауға шақырды.

Шольц қауіпсіздік жөніндегі 19 ақпанда өткен Мюнхен конференциясында Иран басшылығының таңдау жасайтын сәті туып тұр" деп мәлімдеді.

Шольцтың сөзінше, Венадағы келіссөзде кейінгі 10 айдағы "қорытындылардың барлық элементтері үстелге қойылған". Алайда ол "Иранның БҰҰ агенттігінің ядролық қару жөніндегі бақылауын тоқтатып, ядролық отынды байытуды жалғастырағаны" әлем державалары күтіп отырмағанын ескертті.

"Енді санкцияны алып тастауға мүмкіндік беретін келісімге қол жеткізуге барлық мүмкіндігіміз бар" деген Шольц "жылдам жүзеге асырмаса келіссөздің бұзылу қаупі бар" екенін айтты.

Батыс дипломаттары бұған дейін келіссөз қорытындыға жақындағанын мәлімдеген болатын. Иран Сыртқы істер министрі Хосейін Әмір Абдоллахан "Тегеранның келісімге дайын екенін, келіссөз тұйыққа тірелсе, Батыс кінәлі болатынын" хабарлаған.

Бұл - Иран ядролық бағдарламасының алғашқы нұсқасын қалпына келтіріп, АҚШ-қа қайтару жөніндегі келіссөздің сегізінші раунды. Келіссөз үстелінде Иран мен ядролық қаруы бар бас бес держава: Ресей, Ұлыбритания, Германия, Қытай және Франция отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG