Accessibility links

Ақтөбеде техникалық қызмет көрсететін орталықта жарылыс болып, бір адам қаза болды


Техникалық қызмет көрсету орталығы жарылыстан соң. Ақтөбе, 22 ақпан 2022 жыл.
Техникалық қызмет көрсету орталығы жарылыстан соң. Ақтөбе, 22 ақпан 2022 жыл.

Ақтөбе қаласында "Әлтайыр" техникалық қызмет көрсету орталығындағы жарылыстан соң Ақтөбе полициясы қылмыстық кодекстің "өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Полиция "автосервистегі жарылыс ғимарат ішінде тұрған автокөліктің газ баллонындағы ақаудан болған" деп санайды.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті дерегінше, оқиға 22 ақпан күні таңғы төрт шамасында болған.

- Жарылыстан аумағы 600 шаршы метр болатын ғимарат құлады. Құтқарушылар үйінді астынан техникалық қызмет көрсету орталығын күзеткен ер адамның мәйітін алып шықты. Иісшіл иттің көмегімен табылған күзетші 1954 жылы туған. Ғимараттың ішінде және сол маңда тұрған 11 автокөлік бүлінді, - деп хабарлайды төтенше жағдай департаменті.

Сейсенбі күні таңғы тоғыздар шамасында мәйіт табылғаннан кейін полиция оқиға орнын қоршаған. Қазір жарылыс болған жерде криминалистер жұмыс істеп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG