Accessibility links

Путин Украинадан Қырым аннексиясын мойындап, қаруланудан бас тартуды талап етті


Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудегі баспасөз жиыны кезінде Украина мен Ресей арасындағы "қақтығысты реттеу үшін" Киев Ресейдің Қырымды басып алғанын мойындап, НАТО құрамына кіруден бас тартуы тиіс деп мәлімдеді.

Путин сонымен бірге Ресей "Донецк және Луганск халық республикаларының" шекараларын мойындағанын айтты. Бұл облыстардың басым бөлігі қазір сепаратистер емес, Украина билігінің бақылауында.

"Шекара мәселесіне келсек, бұл республикалардың аумақтағы қандай шекараларын мойындаймыз. Біз олардың тәуелсіздігін мойындадық, демек олардың барлық негізгі құжаттарын,Конституциясын да танимыз. Ал Конституцияда олар Украина құрамында болғанда Донецк және Луганск облыстарының шекарасы деп көрсетілген. Бірақ барлық даулы мәселелер Киев билігі мен республика басшылары арасында келіссөз барысында шешіледі деп сенеміз" деді Путин.

Президенттің айтуынша, Ресей "Донецк халық республикасы" мен "Луганск халық республикасының" "тәуелсіздігін" мойындағандықтан Минск келісімінің күші жоқ. "Ресей әскері Украинаға қаншалықты терең дендейді?" деген сұраққа "Біріншіден, әскер тұп-тұра қазір барады деп айтқан жоқпын. Екіншіден, әскери қимылдың нақты әрекет ететінін болжау қиын. Ол нақты жағдайға байланысты" деді.

  • 22 ақпанда Ресей парламентінің жоғарғы палатасы Владимир Путинге Донбастағы жағдайға байланысты Ресей армиясын шетелде пайдалануға рұқсат берген.
  • 21 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин "Донецк халық республикасы" мен "Луганск халық республикасының" "тәуелсіздігін" мойындап, кейін сепаратистер аумағына Ресей әскерін кіргізу туралы бұйрық берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG