Accessibility links

Германияда депутат Назарбаевтың отбасына тиесілі 100 млн еуро тұратын мүлікті тәркілеуді сұрады


Тарихи ескерткіш мәртебесі бар зәулім сарай – Бюлерхёе қонақ үйі қазір Тимур Құлыбаевқа тиесілі деп жазады Deutsche Welle.
Тарихи ескерткіш мәртебесі бар зәулім сарай – Бюлерхёе қонақ үйі қазір Тимур Құлыбаевқа тиесілі деп жазады Deutsche Welle.

Германияның Баден-Вюртемберг аймағының депутаты Йонас Вебер жергілікті билікке қайырылып, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динараға және күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі қымбат мүліктерді тәркілеуді сұрады. Бұл туралы DW басылымы хабарлады.

"Баден-Вюртемберг аймағы автократтардың бас сауғалайтын жері болып қалмас үшін сізді және жергілікті үкіметті қолдан келген барлық шараларды қолданып, оның ішінде мүліктерді тәркілеуге шақырамын. Бұл Қазақстандағы демократиялық күштердің алдындағы міндетіміз" деп жазылған аймақтың премьер-министрі Винфрид Кретчманға жолданған үндеуінде.

Осыған дейін DW Құлыбаевтар және оларға қатысы бар компаниялар Баден-Вюртемберг аймағынан Зеело қаласындағы 100 миллион еуроға бағаланған виллаға, хансарайға және екі қонақ үйге иелік ететіні туралы зерттеу жарияланған.

Мәліметке қарағанда, 19 ғасырда Зеелодағы хансарай белгілі орыс дипломаты, жасырын кеңесші Михаил Хрептовичтің жазғы резиденциясы болған. Ол он жыл бойы қайта жөндеуден өтіп, жалпы бағасы 60 миллион еуроға дейін жеткен.

Құлыбаевтарға хансарайдан басқа тағы үш жылжымайтын мүлік тиесілі – вилла және екі қонақ үй. Хансарайға иелік еткен Schloss Seelach Invest GmbH компаниясы Verus Praedium International қазақ компаниясына тиесілі. Өз кезегінде оған Алматыдағы "Кипрос" компаниясы иелік етеді. Ашық реестрдегі тізімге сәйкес, Тимур Құлыбаев Schloss Seelach Invest GmbH компаниясының бенефициары.

Ол реестрге сәйкес, Тимур және Динара Құлыбаевтар Қазақстандағы Mercury Properties компаниясы арқылы Германиядағы Bühlerhöhe Castle Invest GmbH компаниясына иелік етеді. Бұл компанияға Германиядағы екі қонақ үй тиесілі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG