Accessibility links

Қазақстанда әуе компанияларға Украинаға ұшуға тыйым салынды


Қазақстандағы әуе компанияларына Украина әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салынды. Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі Азаттыққа осылай деп хабарлады.

"Украина аумағында ұшу азаматтық авиация үшін өте қауіпті екені ескеріліп, отандық әуе компанияларына Украинаның әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынды" делінген комитет мәлімдемесінде.

Мәліметке қарағанда, Алматы — Киев (Air Astana әуе компаниясы, аптасына үш рет), Нұр-Сұлтан — Киев (Air Astana, аптасына бір рет) рейстері ұшпайтын болды.

Air Astana әуе компаниясы Киевке қатынайтын рейстердің бәрі 2022 жылдың 7 наурызына дейін тоқтағанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG