Accessibility links

Зеленский Путинді келіссөзге шақырды


Владимир Зеленский.
Владимир Зеленский.

Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеме жасап, Ресей басшысы Путинді келіссөз үстеліне шақырды. Украина басшысы Путинді осымен екінші рет келіссөзге шақырып отыр.

"Ресей президентіне тағы қайырылғым келеді. Украинаның бүкіл аумағында шайқастар жүріп жатыр. Қантөгісті тоқтату үшін келіссөз үстеліне отырайық" деді Украина басшысы.

Зеленский сонымен бірге Еуропаны Украинаға белсене көмектесуге үндеді.

"Бізге осылайша самарқау көмектессеңіздер, өздеріңді қалай қорғайсыздар?" деді Зеленский.

Ол Ресейдің Украинадағы әскери қимылын Еуропаға шабуыл деп атап, Еуропа елдері оған белсене төтеп беруі тиіс деді.

"Ресейдің Украинаға басып кіруі – жәй ғана басып кіру емес, бұл Еуропаға соғыстың басы. Еуропа бірлігіне қарсы, Еуропадағы қарапайым азаматтардың құқықтарына қарсы, құрлықтағы барлық ережелерге қарсы қадам. Еуропа елдерінің шекараны күшпен белгілеуден бас тартуына қарсы жасалған қадам" деді Зеленский.

Бұған дейін Ресей билігі украин әскері қаруын тастаған кезде келіссөзге баратынын айтқан.

Жұма күні Қытай президенті Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путинмен әңгімесінде Қытай Ресейдің Украина шиеленісін диалог арқылы шешу талпынысын қолдайды деп мәлімдеген. Бұл жөнінде Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасына сүйенген Reuters агенттігі хабарлады. Екі ел басшысы жұма, 25 ақпан күні телефонмен сөйлескен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG