Accessibility links

Exclusive.kz бас редакторы жемқорлық туралы фильм шығатынын хабарлағаннан кейін қоқан-лоқы жасалғанын айтты


Қарлығаш Еженова.
Қарлығаш Еженова.

Exclusive.kz интернет-порталының бас редакторы Қарлығаш Еженова "Ядерные миллиарды" фильміне байланысты өзіне қоқан-лоқы жасалғанын хабарлады. Бұл жөнінде ҚазТАГ агенттігі жазды.

"Бір жарым апта бұрын журналистік зерттеудің жалғасы туралы трейлер жариялағанбыз, сосын бізге трейлерді өшіріп, фильді жарияламау туралы қоңыраулар түсе бастады. Біз оларға фильмді жариялаймыз, егер фильм контентіне сын-ескертпелеріңіз болса, талқылауға дайынбыз және сөз беруге де дайынбыз дедік. Ал олар болса "ешкім талқылап, қарсы дәлел келтіріп отырмайды, "құқықтық шеңберден тыс" шаралар қолданатынын ескертті. Мен не жөнінде айтып отырсыздар деп едім, кемінде DDOS-шабуыл болатынын меңзеді" деді 25 ақпанда Қарлығаш Еженова.

Ол жуырда басылым сайты кенет жабылып қалса немесе өзін бәз-біреулер "педофил" деп айыптаса, бұл арнаның Youtube'те жариялаған фильмімен байланысты деп топшылауға болатынын айтты.

Басылым бас редакторының сөзіне қарағанда, ол "олар" деп "жеткілікті дәрежеде ықпалды адамдарды" айтып отыр. Бірақ аты-жөнін атамаған.

Сайттың хабарлауынша, "Ядерные миллиарды" фильмі Шығыс Қазақстан облысындағы жемқорлық туралы журналистік зерттеу негізінде түсірілген. Фильмде Семей қаласындағы ядролық медицина мен онкология орталығы жөнінде баяндалады. Фильмнің трейлері 25 ақпанда Youtube желісінде жарияланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG