Accessibility links

Лукашенко конституциясының референдумы кезінде Минскіде 500-ге жуық адам қамалды


Беларусь конституциясына өзгеріс енгізу жөніндегі референдумға қарсылық акциясы кезінде кемі 500 адам қамауға алынған. Бұл жөнінде Беларустың "Весна" құқық қорғау орталығы хабарлады.

Минскідегі қарсылық шеруіне мыңнан астам адам қатысқан. Мұны 2020 жылы президент сайлауынан кейінгі қарсылық акциялары күшпен басылған соң болған алғашқы ірі акция деуге болады.

Жексенбі күні Беларусьте конституцияны өзгерту жөнінде референдум өткен. Конституцияның жаңа жобасын Беларусьті 1994 жылдан басқарып келе жатқан Александр Лукашенко жасаған.

Беларусь Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда референдумға дауыс беруге сайлаушылардың 70 пайыздан астамы дауыс берген. Дүйсенбіге қараған түні Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко негізгі заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар референдумда мақұлданды деп хабарлаған.

"Конституцияның жаңа нұсқасы бойынша президент екі мерзімнен артық сайлана алмайды. Бірақ бұл норма мемлекет басшысы қайта сайланғаннан кейін ғана күшіне енеді, яғни Лукашенко қазіргі мерзімі аяқталғаннан кейін (2025 жылы аяқталады) тағы да 10 жыл президент бола алады" дейді "Неміс толқыны".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG