Accessibility links

Роскомнадзордың хатынан кейін Ресейде "Настоящее Время" сайты бұғатталды


28 ақпанда Ресейде "Настоящее Время" сайты бұғатталды. Одан бір күн бұрын Роскомнадзор телеарна сайты шектелетіні жөнінде хабар берген.

Ведомство хатында "сайтқа заңға қайшы ақпараттар салынып, таратылған" деп көрсетілген. "Ресей қарулы күштерінің арнаулы әскери операциясы барысында Ресей әскери қызметкерлерінің Украинада өлгені, тұтқынға түскені туралы расталмаған ақпарат таратылған. Мұндай ақпараттар мен Ресей Федерациясы азаматтарының жеке мәліметтерін тарату - қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіреді" дейді хат.

Роскомнадзордың жазуынша, егер телеарна "заңға қайшы ақпаратты алып тастайтын болса, онда бұл жөнінде ақпараттық технология жөніндегі Федералды қызметке хабарлауға тиісті".

"Настоящее Время" Роскомнадзор хатында көрсетілген ақпараттарды алып тастамайтынын мәлімдеді.

Роскомнадзор "Новая газета", "Медиазона", "Дождь" секілді Ресейдің өзге де ақпарат құралдарынан Украинадағы жағдайды соғыс деп көрсеткен матереиалдарды жоюды талап кеткен.

24 ақпанда Роскомнадзор Ресей БАҚ-тарына "тек қана ресми ақпарат" таратуды міндеттеп, талап орындалмаса жабылатынын ескерткен.

25 ақпанда Роскомнадзор билікшіл "РИА Новости", "Лента.ру", "Газета. ру" және "Звезда" телеарнасының аккаунтын шектегені үшін Facebook жылдамдығын баяулатып, ішінара кедергі жасаған.

26 ақпанда Роскомнадзор журналистерге Украинадағы жағдайды Ресей шабуылы, соғыс деп атауға тыйым салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG