Accessibility links

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың ел ішіндегі қозғалысын "жоспарлы оқыту" деп түсіндірді


Қазақстан қорғаныс министрлігі жариялаған сурет.
Қазақстан қорғаныс министрлігі жариялаған сурет.

Қазақстан қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде пайда болған "Қазақстан әскерін жинап, Украинаға қарсы соғысуға барады" делінген мәліметті жоққа шығарды. Тұрғындар әскердің батыс және солтүстік аймақтарға қарай беттегенін көрген.

Мессенджерлерде таралған видеоларда әскери техниканың әскер дайындығы кезіндегі іс-қимылы бейнеленген, деп түсіндірді қорғаныс министрлігі.

"Қорғаныс министрлігінің Шортанды қаласындағы Әскери колледж студенттері тәжірибеден өту үшін Семей гарнизонындағы әскери техника алдырылды. 25 ақпаннан 3 наурызға дейін Қарағандыдағы әскери техника Гвардия гарнизонына, сонымен бірге Алмытадағы техника Ақтау гарнизонына барады. 1-4 наурыз аралығында Қарулы күштер техникасы Шымкенттен Тараз бен Түркістанға, Айша-Бибі полигонына барып, сосын кері қайтады" деп жазылған Қазақстан қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Осы уақыт аралығында Батыс Қазақстандағы әскери техника "темір жолмен оңтүстікке жөндеуге жіберіледі".

Әлеуметтік желілерде темір жолмен тасылып жатқан әскери техниканың суреттері мен видеолары жарияланған. Желі қолданушылар Қазақстан әскерді Украинаға жібергелі жатыр деп болжаған. Қорғаныс министрлігі мұны жоққа шығарды.

Министрліктің мәлімдеуінше, Қазақстан әскерін Украинаға немесе басқа бір елге жіберу жөнінде ешқандай өтініш түспеді. Жанжал ошақтарына әскер жіберу туралы шешімді парламент қабылдайды, президент соған қатысты ұсыныс айтады.

Видео: Қазақстан Ресей-Украина жанжалына араласа ма? Сенат төрағасының жауабы (24 ақпан 2022 жыл).

Сенат төрағасы: Ресей-Украина жанжалын бейбіт жолмен шешкен жөн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:14 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG