Accessibility links

Ресейлік әскерилердің Херсон облыстық әкімшілік ғимаратын алғаны хабарланды


Қырым жақтан Херсон облысына кіріп келе жатқан ресейлік әскерилер. 24 ақпан 2022 жыл.
Қырым жақтан Херсон облысына кіріп келе жатқан ресейлік әскерилер. 24 ақпан 2022 жыл.

Ресей әскерилері Украинаның Херсон облысының әкімшілік ғимаратын алды. Бұл туралы Херсон облыстық әкімшілігінің төрағасы Геннадий Лагута мәлімдеді.

Бірақ Лагута облыс әкімшілігі міндеттерін орындауды арықарай жалғастыра беретінін айтты.

"Мен басқарып отырған облыстық жедел штаб облыс тұрғындарының мәселесін шешу үшін жұмысын жалғастырып жатыр. Гуманитарлық көмекті күтіп отырмыз" деп жазды ол телеграмм-каналында.

Лагута жергілікті тұрғындарды "алаңдамауға шақырды".

"Жедел штабтың регламентіне сай жұмыс жалғасып жатыр" деді ол.

24 ақпанда Ресей президенті Путин ел әскерін Украинаға кіргізген. Содан бері Украинада соғыс жалғасып жатыр. Кремль тұрғын үйлерге шабуыл жасап жатқан жоқпыз десе де Украинада көптеген тұрғын үйлер, мектептер, әскери емес ғимараттар қираған. Екі жақтан да адам шығыны бар.

Украина тарабы ресейлік 9 мың әскери қаза болғанын айтады.

Кеше, 2 наурызда Ресей қорғаныс билігі Украинадағы соғыста 500-дей әскерінен айырылғанын, 1957 әскериінің жараланғанын айтқан. Мәскеу Украина тарапынан 2870-тен аса әскери қаза болып, 3700-тен аса адам жараланды, 572 адам кепілге алынды деген.

Соғыс жағдайында мұндай ақпараттарды тексеру мүмкін емес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG