Accessibility links

Украина Запорожье АЭС-індегі өрттен кейін радиация тарамағанын хабарлады


Станцияның атқылауға ұшыраған сәті.
Станцияның атқылауға ұшыраған сәті.

Украинада Запорожье облысының мемлекеттік әкімшілігі Ресей әскері Запорожье атом электр станциясының аумағын басып алғанын хабарлады. Түнде Ресей солдаттары нысанды атқылап, соның салдарынан станция өртенген. Жергілікті биліктің хабарлауынша, өрт сөндірілген, "жедел өкіл энергоблоктардың жағдайын бақылап отыр".

Запорожье облыстық әскери әкімшілігінің төрағасы Александр Старух 4 наурызда радиация деңгейі облыс аумағында өзгермегенін, халық денсаулығына қатер жоғын мәлімдеді. Ол Facebook желісінде Запорожье облыстық ауруды бақылау және алдын алу орталығы аумақта тексеріс жүргізгенін хабарлады.

Жұма күні сәл ертерек Украина төтенше жағдай мемлекеттік қызметі Энергодар маңындағы Запорожье атом электр станциясы аумағында өрттің сөндірілгенін хабарлаған. Зардап шеккендер жоқ.

Запорожье облысы Энергодар қаласы Кахов су қоймасының жағалауында орналасқан атом электр станциясы Еуропадағы ең ірі станциялардың бірі, Украинада тұтынатын электр энергиясының бестен бір бөлігі осы нысанда өндіріледі.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) 4 наурызда оқиғалар мен апатты жағдай жөніндегі орталығын тәулік бойы үздікстіз істейтін режимге көшіретінін хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG