Accessibility links

Әлнұр Мұсаев дерегін таратқаны үшін істі болған қырғыз телеарнасының директоры ұсталды


Қырғызстанда NEXT телеарнасының директоры Талай Дуйшембиев екі тәулікке қамалды, деп хабарлады оның адвокаты Акмат Алагушев.

Оның айтуынша, директордың үстінен ұлтаралық араздық тудыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

4 наурызда оны тергейді, сенбі күні оған бұлтартпас шарасын қолдану мәселесі сотта қаралады дейді адвокат.

"Телеарнаға қатысы жоқ, сол себепті кеңсені жабу, эфирді тоқтату секілді әрекеттер жасалмайды", - деп түсіндірді Алагушев.

Мұның алдында қырғыз арнайы қызметі NEXT TV телеарнасының үстінен қылмыстық іс қозғағаны хабарланған. Тергеушілер пікірінше, телеарна "Қырғызстан Украина аумағындағы Ресейдің арнайы әскери операциясына әскери көмек беру келісті" деген жалған ақпарат таратқан. Телеарна Қазақстан арнайы қызметінің бұрынғы басшысының дерегіне сүйенген".

NEXT TV құрылтайшысы Равшан Жиенбековтің пікірінше, қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ, өйткені телеарна мәліметті дереккөзге сүйене отырып таратты.

Мұның алдында Фейсбук қолданушы Юрий Поита Қазақстан арнайы қызметінің экс-басшысы Әлнұр Мұсаевтың дерегіне сүйене отырып, әлеуметтік желіде: "Тәжікстан мен Қырғызстан Ресейдің қысымына шыдамады, оған құпия түрде әскери көмек беруге дайын екенін айтты" деп жазған еді.

Қырғызстан қорғаныс министрлігі 3 наурызда бұл ақпаратты терістеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG