Accessibility links

БҰҰ комиссиясы Украинадағы әскери қылмысты тексереді


Чернигов қаласында тұрғын үйдің қирауы. Биліктің есебінше, ондаған адам опат болған.
Чернигов қаласында тұрғын үйдің қирауы. Биліктің есебінше, ондаған адам опат болған.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Ресей күштерінің Украинадағы "әскери қылмысын" тексеретін халықаралық комиссия құрады. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.

Ресей әрекетін айыптайтын және комиссия құруды көздейтін резолюцияны кеңеске мүше елдердің басым бөлігі қолдады. Ресей мен Эритрея ғана қарсы болды.

Ресей делегаты резолюция жақтастары "Украинада болып жатқан жағдайға Ресейді айыптау үшін барлық амалды пайдаланып отыр" деп мәлімдеді.

Украина президенті Владимир Зеленский шешімді жылы қабылдады.

Комиссияның қалай құрылатыны әзірге белгісіз.

Осыған дейін Гаага соты Украинада қақтығыс тараптары жасауы мүмкін әскери қылмыстарға байланысты істі қарай бастаған.

Ресей билігі әскерилер азаматтық нысандарды атқылаған жоқ және бейбіт тұрғындар өмірін сақтап қалуға тырысып жатыр деумен келеді. Сегіз күн ішінде азаматтық нысандар оның ішінде тұрғын үйлер мен мектептердің қирағаны жөнінде көптеген айғақ жарияланды. БҰҰ есебінше бейбіт тұрғындар арасында опат болғандар жүзден асады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG