Accessibility links

Украинада өзбек азаматтары жол апатына ұшырады, бір адам қаза болды


Украина мен Польша шекарасы маңында Өзбекстанның үш азаматы жол апатына ұшырады. Бұл жөнінде Өзбекстанның Украинадағы елшісі Әлішер Құрманов хабарлады.

Жол апаты кезінде көлік ішінде 2001 жылы туған үш жігіт болған. Апаттың салдарынан Отабек Хакимов есімді жігіт қаза болған. Қалған екі өзбек азаматы Львов қаласындағы қалалық ауруханаға жатқызылған.

Елшілік Львов қаласына еріктілер мен дәрігер жіберген. Хакимовтің туыстарына көңіл айтқан.

Елшілік сонымен бірге қазіргі кезде жағдайдың күрделілігіне қарамастан өзбек азаматының мәйітін жедел туған еліне жіберуге күш салып жатқанын айтты.

4 наурыз күнгі мәлімет бойынша, Украинадан Польша арқылы 2579 өзбек азаматы эвакуацияланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG