Accessibility links

Украинаға басқыншылықты айыптаған Ресейдің мыңдаған адамы қамалды


Наурыздың 6-сы, жексенбі күні Ресейдің ондаған қаласында Ресейдің Украинаға шабуылын айыптайтын акция өтті. "ОВД-Инфо" жобасының мәліметіне қарағанда, осы акцияларға қатысқан 4700-ден астам адам қамауға алынған. Мәскеуде 2 мыңға жуық, Санкт-Петербургте 1 мыңнан астам адамды полиция алып кеткен.

Ресейде соғысқа қарсы акция Ресей әскері Укрaинаға басып кірген 24 ақпаннан бері өтіп келеді. Биліктің рұқсат бермегеніне қарамастан 6-наурызда өткен акция - ең ірі акцияның бірі болды. Түрмедегі оппозиционер Алексей Навальный мен оның жақтастары да осы акция шақырған.

Мәскеуде ұсталғандардың ішінде 80 жастағы Светлана Ганнушкина бар. "Украинаға – бейбітшілік, Ресейге – бостандық" деген жазуы бар плакат ұстаған "Мемориал" құқық қорғау орталығы кеңесінің мүшесі Олег Орловты да полиция әкеткен.

Ұсталғандарды отырғызған Мәскеу полициясы автозактарының бірі бағанағаға соғылып, аударылып қалған. Куәгерлер сөзінше, автобуста 27 адам болған, 11-і жараланған.

Ресей ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, соғысқа қарсы акцияға Мәскеуде 2700 адам қатысқан, оның 1700-і ұсталған.

6 наурызда Қазақстанда да 3 мыңға жуық адам соғысқа қарсы акцияға шықты. Олар "Украина жасасын!", "Соғыс тоқтатылсын" , "Путин, Гаага, түрме!" деген плакаттар ұстап тұрды. Билік митингіге рұқсат берген, ешкім қамалмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG