Accessibility links

Украина делегациясы: Қырым, "ДХР" мен "ЛХР" мәселесі бойынша Ресеймен келісу мүмкін емес


Херсон қаласының халқы Ресей агрессиясына қарсылық білдіріп тұр. Украина, 6 наурыз 2022 жыл
Херсон қаласының халқы Ресей агрессиясына қарсылық білдіріп тұр. Украина, 6 наурыз 2022 жыл

Украинаның Ресеймен келіссөз делегациясының мүшесі, Жоғарғы Рададағы "Слуга народа" фракциясының басшысы Давид Арахамия Ресейдің "Қырымды Ресей субъектісі" деп тану және "ДХР" мен "ЛХР" тәуелсіздігін мойындау туралы талабы орындалмайтынын мәлімдеді.

Арахамия Украинаның бейтарап әскери статусы жөніндегі Ресейдің тағы бір талабы жөнінде де айтты. Оның сөзінше, НАТО алдағы 5-10 жыл ішінде Украинаны мүшелікке алу жөнінде талқылайын деп отырған жоқ, Украинаның өзі де "НАТО-ға кіруге өтініш беру үшін күреспейді".

Арахамия "Владимир Зеленский бастаған Украина басшылығы Польшаға кетіп қалды" деген қауесетке де түсініктеме берді.

"Бірнеше күн бұрын бұл мәселені талқылап, өлсек Украинада өлеміз деген шешімге тоқтағанбыз. Қасық қаны қалғанша шайқасатын Украина халқы өлсек бізді символға айналдырады",– деді ол.

Жексенбі күні Реесй президенті Владимир Путин Франция президенті Эммануэль Макронмен және Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен. Путин бұл жолы да бұрынғы талабын қайталап, соғыс операциясын тоқтату үшін Киев Ресей талаптарын орындауға және Ресей әскеріне қарсы ұрысқа шықпауға тиіс деп мәлімдеген. "Өйтпеген жағдайда операция соңына дейін жеткізіледі".

  • Ресей қарулы күштері Владимир Путиннің бұйрығымен 24 ақпанда Украинаға басып кірген. Путин бұл әрекетін "НАТО-ның Украинаны қосып алып, Ресей іргесінде тұруына жол бермейміз" деп түсіндірген болатын. Қырымды Ресейдікі деп мойындау, "ДХР" мен "ЛХР-ді" тәуелсіз мемлекет деп танудан өзге Ресей Украинадан "ұлтшылдарды жою" және "қарусыздануды" талап еткен.
  • Украинаға шабуылдан кейін АҚШ пен Батыс елдері Ресейге қатаң санкция салған. Жүздеген корпорация мен брендтер Ресейдегі бизнесін тоқтатқан.
  • Соғыс басталғалы Украина мен Ресей әскерінен қанша адам өлгені нақты белгісіз. Түрлі мәліметтер мыңдаған адам өлгенін көрсетіп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG