Accessibility links

Гаагада БҰҰ халықаралық соты Украинаның Ресей үстінен түсірген арызын қарай бастады


Ирпень қаласынан эвакуацияланып жатқан адамдар бұзылған көпір астынан өтеді. Украина
Ирпень қаласынан эвакуацияланып жатқан адамдар бұзылған көпір астынан өтеді. Украина

Гаагадағы Біріккен ұлттар ұйымының халықаралық соты Украинаның Ресей үстінен түсірген талап арызын дүйсенбі күні қарай бастады. Киев Мәскеуді геноцид туралы халықаралық конвенцияны теріс түсінеді деп айыптайды. Талап арызда Ресей конвенцияны теріс мақсатта пайдаланып, Украина жеріне басып кіруге ілік етті дейді.

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Донбасында 2014 жылдан қазіргі дейінгі жағдайын сөз еткенде "геноцид" деген терминді бірнеше рет қолданған. Киев соттан талап арызын қанағаттандыруды, Ресей басқыншылығын тоқтатуды талап етіп отыр.

Халықаралық соттың дүйсенбідегі отырысына Ресей өкілі келмеген. Мұны судья Джоан Донохью сот ашылған кезде айтты. Сот отырысынан онлайн трансляция болды. Украина өкілі Антон Кориневич соғыс алдында Мәскеудің Киевке геноцид жөнінде таққан айыбы негізсіз екенін дәлелдейтінін мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG