Accessibility links

БҰҰ: Украинадан 2 миллион адам босып кетті


Ресей қарулы күштері Украинаға басып кіргелі бері елден екі миллион адам босып кетті, деп хабарлады 8 наурызда БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди. БҰҰ мәліметінше, Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыстан бері мұндай дағдарыс болмаған.

Украинадағы соғыстың басталғанына екі апта өткен жоқ. Соған қарамастан 900 мыңға жуық украиндық бас сауғалап Польшаға өтсе, 150 мыңы Венгрияны паналаған. Еуроодақ өз аумағында 6,5 миллион босқынды қабылдауға дайын.

Бір тәуліктің ішінде украин шекарасынан батысқа қарай 132 мың адам өтті, деп хабарлады Мемлекеттік шекара қызметі.

"Бізге атыстың тыйылғаны керек, бітім керек, сол кезде адамдар елден қашпайды, үйлеріне қайта оралады. Бірақ олар қазір әбден шошып қалған" деді Гранди "Әл-Жазира" телеарнасына.

Азаттық радиосы көші-қон дағдары кезінде "Гуманитарлық дәліз" подкастыніске қосты. Онда украиналық босқындар бастан өткерген оқиғаларын баяндайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG