Accessibility links

Өзбекстанның сыртқы қарызы 42 миллиард долларға жетті


2021 жылдың аяғында Өзбекстанның сыртқы қарызы 41 миллиард 600 миллион доллар болды. Бұл туралы Өзбекстан қаржы министрлігі 9 наурызда хабарлады.

Министрлік есебіне қарағанда, 2021 жылы Өзбекстанның сыртқы қарызы 12,7%-ға артып, жалпы ішкі өнімнің 60,1%-на жеткен.

Есепте 2021 жылы жалпы ішкі өнім 734,6 трлн сум немесе 69,2 млрд доллар болатыны айтылған.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, былтыр Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 16 пайызға артып, 42,1 млрд доллар болған.

Дүниежүзілік банктің болжамына қарағанда, 2022 жылы дамыған елдердің экономикасы 3,8%-ға, ал дамушы елдердің экономикасы 4,6%-ға өседі. Орталық Азия елдерінің экономикасы 4,3% өседі деген болжам айтылған. Атап айтқанда, Өзбекстан экономикасы биыл 5,6 пайызға, 2023 жылы 5,8 пайызға күшеюі мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG