Accessibility links

Киев маңында Америка журналисі оққа ұшты


Киев түбінде оққа ұшқан америкалық журналист Брент Реноның қызметтік куәлігі.
Киев түбінде оққа ұшқан америкалық журналист Брент Реноның қызметтік куәлігі.

Киев облысы полициясының басшысы Андрей Небитов Киев түбіндегі Ирпенде америкалық журналист Брент Реноның оққа ұшқанын хабарлады. Небитов Facebook парақшасында журналистің пресс-картасы мен төлқұжаты, қансыраған адамның суретін жариялады.

Киевтегі балалар ауруханасының баспасөз хатшысы Анастасия Магеррамова шабуыл кезінде Реноның жанында болған тағы бір америкалық журналистің видеосын жариялады. Оның сөзіне қарағанда, олар Ирпендегі көпірлердің бірінде босқындарды түсіріп, екіншісіне қарай барған кезде шабуылға ұшыраған.

Журналистің пресс-картасында оның The York Times тілшісі екені айтылады. Алайда басылым Реноның қазір газетте істемейтінін айтқан.

Брент Рено қақтығыс орындарынан ақпарат тарататын журналист. Деректі фильмдердің авторы ретінде беделді халықаралық сыйлыққа ие болған. Египет, Оңтүстік Америка елдеріндегі төңкерістерден репортаж жасаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG