Accessibility links

Соғысқа қарсы акцияға шыққан Ресейдің 38 қаласында 700-ден астам адам қамалды


Соғысқа қарсы акцияға шыққан адамды әкетіп бара жатқан сәт. Мәскеу, 13 наурыз 2022 жыл
Соғысқа қарсы акцияға шыққан адамды әкетіп бара жатқан сәт. Мәскеу, 13 наурыз 2022 жыл

Соғысқа қарсы акцияға шыққан Ресейдің 700-ден астам адамы қамалды. Бұл жөнінде "ОВД-Инфо" құқық қорғау ұйымы хабарлады. Акция Ресейдің 38 қаласында өткен.

SOTA телеграм-арнасының хабарына қарағанда Санкт-Петербургте арнайы киіммен редакция тапсырмасын орындауға шыққан бірнеше журналист қамалған. Оларды полиция Петербургтен шамамен 50 км жердегі Кронштадт қаласына апарған.

Мәскеуде акцияға шыққандарды ғана емес, акция шыққандарды қолдайтынын айтқысы келіп журналистерге жақындаған адамдарды да полиция алып кеткен. Алайда осы уақытта "Катюша" әнін айтып тұрған билікшіл НОД қозғалысына тиіспеген.

Белгород қаласында алаңға шығып, сары қызғалдақ ұстап тұрған әйелді алып кеткен. Ижевскіде "Әрқашан күн сөнбесін" деген әнді салған бірнеше адамды полиция қамауға алған.

Ресейдің Украинаға басқыншылығын айыптаған Иркутс, Челябинск, Екатеринбург және өзге де қалалардың ондаған адамын полиция алып кеткен.

Ресей әскері Владимир Путиннің бұйрығымен 24 ақпанда Украинаға басып кірген. Іле-шала Ресейдің бірнеше қаласында бұған наразылық акциялары басталған. Соғыс басталғалы 17 күн ішінде 14 мың адам қамалған. Ресей заңы бойынша, соғысқа арсы акцияға шыққандардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, ірі айыппұл салынуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG