Accessibility links

Қазақстан үкіметі азық-түлік іздеп, дүрбелеңге түспеуге шақырды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

14 наурызда Қазақстан үкіметі елдегі экономикалық жағдайды бақылап отырғанын, түрлі сценарийлер бойынша шешім қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Үкіметтің бұл мәлімдемесіне қант тапшылығы мен айырбас пункттерінде доллар жоқтығы жайлы әлеуметтік желідегі түрлі ақпараттар түрткі болған.

Үкімет "қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, теңге депозиттерінің тартымдылығын арттыру үшін Ұлттық банкпен бірлесе бағдарлама жасалып жатқанын" айтады.

- Екінші деңгейдегі банктерде 15,3 риллион теңгеге жуық жоғары өтімді активтер қоры бар,- дейді үкімет хабарында.

"Дүрбелеңге түспеңіздер, тек қана ресми ақпаратқа сеніңіздер. Жалған ақпарат таратқандар мен арандату сипатында ақпарат жариялағандар заң бойынша жауапқа тартылатынына назар аударыңыздар",- дейді үкімет.

Украинаға басып кірген Ресейге санкция салынған соң Қазақстанда теңге құнсызданып, қоғамда алаң пайда болған еді.

Бірер күннен бері Қазақстанның Ресеймен шектес өңірлерінде қант тапшы бола бастағаны, Ресей азаматтарының жаппай сатып алып жатқаны туралы хабар тараған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG