Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны Нұр-Сұлтан қаласының соты екі айға қамады


Қайрат Сатыбалды
Қайрат Сатыбалды

Бүгін, 15 наурызда сот санкциясымен Қайрат Сатыбалды екі айға қамалған. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық аудан аралық арнаулы тергеу соты таратты.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 13 наурызда "Қазақтелеком" АҚ қомақты қаржысын жымқырды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыны ұстап, уақытша қамау изоляторына қамаған.

Агенттік "Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін өзге де қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр" деп хабарлаған.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі 51 жастағы Қайрат Сатыбалдыұлы "Kaspi.kz" АҚ негізгі акционерлерінің бірі болған (30%), Alatau Capital Invest арқылы "Қазақтелекомда" үлесі бар.

Әр жылдары мемлекеттік қызметте істеген. 2000 жылдары Астана қаласы (қазіргі – Нұр-Сұлтан) әкімінің орынбасары, "KazakhOil" компаниясының вице-президенті, "Қазақстан темір жолы" компаниясының бірінші вице-президенті болған. 2010-2015 жылдары ағасының — президенттіктен кетсе де, билікке ықпалын сақтауға тырысқан бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясында хатшы болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG