Accessibility links

АҚШ елшілігі тәжік билігін Таулы Бадахшанда интернетті қалпына келтіруге шақырды


АҚШ-тың Душанбедегі елшілігі Тәжікстан үкіметін Таулы Бадахшан автоном облысында интернетті толықтай қалпына келтіруге шақырды.

"Байланыстың жоқтығы тұрғындардың еркін ақпарат алу мүмкіндігін шектеп отыр әрі кәсіп жүргізуге кедергі келтіріп жатыр. Тәжікстан үкіметін халық еркіндігін сыйлауға шақырамыз" делінген мәлімдемеде.

Өткен аптада БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет та Таулы Бадахшанды интернетпен қамтамасыз етуге шақырған. "Бұл адам құқықтарын өрескел бұзу" деген ол.

Хорог пен маңындағы аудандарда былтыр қараша айында халық көтерілгеннен кейін интернет толық өшірілген. Тәжікстанның байланыс қызметі кезінде бұл өңірде техникалық жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп түсіндірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG