Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Әлімқадір Бейшеналиев 17 наурызда Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездесіп, тараптар Түркиядан Қырғызстанға дәрі-дәрмек тасымалдау мәселесін де талқылаған. Бұл жөнінде ведомство мәліметіне сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі жазды.
"Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды жеңілдетілген тәртіппен тасымалдауды ұйымдастыру шараларын жүзеге асырады. Бұл Украинадағы жағдайға байланысты қиындыққа ұшыраған [дәрі-дәрмек] нарығының сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді" деді ведомство өкілдері.
Осыған дейін Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі елде тұтынатын дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың шамамен 60 пайызы Ресей мен Украинадан импортталатынын, соғысқа байланысты Қырғызстанның дәрі-дәрмек нарығында қиындықтар туындауы мүмкін екенін ескерткен.
ПІКІРЛЕР