Accessibility links

LG Electronics Ресейге өнімдерін тасымалдауды тоқтатады


Тұрмыстық техника және электроника заттарын шығаратын Оңтүстік Кореяның LG Electronic компаниясы Ресейге өнімдерін тасымалдауды тоқтатады. Бұл жөнінде компания сайтында жазылған.

"Барлық азаматтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатты алаңдаймыз және LG гуманитарлық көмек көрсету талпыныстарын қолдай береді" деп жазылған хабарламада.

  • Йель университетінің мәліметінше, Ресей Украинаға басып кіргелі бері әлемдегі 400-ден астам компания Ресейдегі бөлімшелерінің жұмысын ішінара немесе толық тоқтататынын хабарлаған. Олардың арасында халықаралық дүкендер желісі, құрылыс, шаруашылық заттарын сататын, парфюмерия өнімдерін сататын танымал компаниялар бар. Мысалы, Estee Lauder Companies, McDonald's, Starbucks, Coca-Cola, Zara, Pull&Bear, Massimo Dutti, Bershka, Marks & Spencer, Mango, H&M және тағы басқа.
  • 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Украинаны "денацификация және демилитаризациялау" мақсатында көрші елге басып кірген. БҰҰ-ға мүше елдердің басым бөлігі мұны Ресей басқыншылығы деп атады. Үш апта ішінде Украинаның көптеген қаласы шабуылға ұшырап, ел аумағының бір бөлігін Ресей әскері басып алды. БҰҰ мәліметінше, Украинада 800-ден астам бейбіт тұрғын қаза болған. Қаза болғандар бұдан да әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді сарапшылар. Соғыс кезінде тұрғын үйлер, мектептер, аурухана, балабақшалар атқылауға ұшырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG