Accessibility links

АҚШ Ресей әскері Украинада гипер дыбыс қару сынап, сес көрсеткенін айтты


Ресей Украина жерінде гипер дыбыс қару қолданған. Бұл жөнінде CNN хабарлады. АҚШ қару ізін бақылап отырған.

Вашингтон бақылауынша, бұл қаруды қолданғанда Ресей екі мақсатты көздеген: біріншісі - жаңа қаруды соғыс жағдайында сынап көру, екіншісі - Батысты ықтырып алу, сес көрсету.

Ресей Қорғаныс министрлігі Ивано-Фраковский облысындағы әскер қоймаға шабуыл кезінде "Кинжал" зымыранын пайдаланғанын мәлімдеген. Бұл - гипер дыбыс қарудың алғаш рет қолданылғаны. Пентагонның мәліметінше, бұл қаруды жасаумен Ресей мен Қытай айналысқан.

Ресей әскері 24 ақпанда Владимир Путиннің бұйрығымен Украинаға басып кірген еді. Киев "Мәскеу бейбіт адамдар мен азаматтық нысандарды мақсатты түрде атып, жойып жатыр" деп айыптайды. Ресей тек қана әскери нысандарды аттық деп бетбақтырмай келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG