Accessibility links

WSJ дереккөзі: Путин Киевті алу жоспарынан бас тартқан


Ресей президенті Владимир Путин
Ресей президенті Владимир Путин

Америкалық Wall Street Journal газеті америкалық жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап, Ресейдің Украинадағы соғыста тактикасы өзгергенін жазды.

АҚШ пен оның одақтастары "Путин Украинаға басып кірген соң үш күннің ішінде Киевті алып, Зеленскийді биліктен кетіріп, орнына ресейшіл режимді отырғызуды жоспарлаған" деген еді.

"Путин үш аптаның ішінде бұл жоспарды орындау мүмкін болмайтынын түсінген соң тактиканы өзгерткен сияқты" дейді WSJ дереккөзі.

Басылымға ақпарат берген адам Путин қазір Киевке Украинаның оңтүстік және шығысындағы аумағы жайлы талабын қабылдатуға тырысады деп айтады.

"Мәскеу енді Ресейдің батысы мен Қырымды жалғайтын жолды қамтамасыз етуге әрі Ресейдің Донбасстағы ықпалын нығайтуға тырысады. Егер Украина бейтарап статусты қабылдамай қойса, Путин қазір Ресей әскерилері бақылап отырған барлық аумақты сақтап қалу үшін соғысты жалғастыра береді. Киев статусы не болары белгісіз, себебі Украина бұл қаланы күш салып қорғап жатыр. Ресей Киевті алу үшін күш жинай ала ма, ол жағы да анық емес" дейді газет дереккөзі.

WSJ басылымы "дереккөзінің айтқаны – АҚШ барлау қызметінің бағасы емес, бұл құпия ақпаратты білетін шенеуніктердің сөзі" деп ескертеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG