Accessibility links

Тоқаев әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған шенеунік Қостанай әкімі болды


Қостанай қаласының жаңа әкімі Марат Жүндібаев. 24 наурыз 2022 жыл.
Қостанай қаласының жаңа әкімі Марат Жүндібаев. 24 наурыз 2022 жыл.

Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды. 24 наурызда Қостанай қаласы әкімдігінің сайты осындай хабарлама таратты.

Хабарламаға сәйкес, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қаланың жаңа әкімін жұртқа таныстырған.

Бұған дейін қаланы Қайрат Ахметов басқарған. Ресми ақпаратқа қарағанда ол "өз еркімен" қызметінен кеткен. Оның қызметтен кету туралы өтінішін президент әкімшілігі де мақұлдаған.

Қостанай облысының тумасы 47 жастағы Марат Жүндібаев 2020 жылдың қыркүйегінен бері президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған. 2015-2020 жылдар аралығында Қостанай облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болған. 2013-2015 жылдары Қостанай облысы Лисаковск қаласының әкімі болған.

Қазақстанның солтүстігіндегі Қостанай облысының орталығы Қостанай қаласында соңғы мәлімет бойынша 251 мың адам тұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG