Accessibility links

Түркіменстанның мемлекеттік мекемелерінде жаңа президенттің портреті іліне бастады


Түркіменстанның жаңа президенті Сердар Бердімұхамедов әкесінің суретінің жанында тұр.
Түркіменстанның жаңа президенті Сердар Бердімұхамедов әкесінің суретінің жанында тұр.

Түркіменстанның жаңа президенті Сердар Бердімұхамедовтің суреті өлкенің барлық мемлекеттік мекемелерінде іліне бастады.

Мекеме басшылары елді 15 жыл басқарған бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің суретін ұлына алмастыру жөнінде тапсырма алған.

Лебап облысы құқық қорғау органдарының кеңселері жаңа президенттің портретін бірінші болып іліп жатыр. Мекемелер суретті өз есебінен сатып алып жатыр.

Ал осы облыстағы мектептердің директорлары портрет алмастыруда бірқатар қиындыққа тап болған.

"Мектеп директорлары енді "Арқадағтың" суретін не істейміз. Оны қайда қоямыз деп бас қатырып жатыр" дейді Азаттықтың Түркімен қызметінің дереккөзі.

Түркіменстанда президенттің суреттерін алмастыру жыл сайын халық есебінен жүргізіледі.

Түркіменстанның Орталық сайлау комиссиясы 40 жастағы Сердар Бердімұхамедов 12 наурызда өткен президент сайлауында 73 пайыз дауыс жинап, жеңгенін жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG