Accessibility links

Ресейдің Бішкектегі елшілігі алдында митингіге қатысқан адвокат бес тәулікке қамалды


Нұрбек Токтакунов.
Нұрбек Токтакунов.

25 наурызда таңертең арнайы жасақ ұстаған заңгер Нұрбек Токтакунов бес тәулікке тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы оның адвокаты Разак Әшімбаев хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, Токтакуновты ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бас басқармасының қызметкерлері ұстаған.

Бірінші май ауданы милициясының хабарлауынша, 17 наурызда Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі алдында 7-8 адам қатысқан бейбіт митинг өткен. Олардың арасында Нұрбек Токтакунов та болған.

"Ол балағат сөздер айтып, сот билігі өкілдерін айыптады. Соған байланысты "ұсақ бұзақылық" бабы негізінде хаттама толтырылды", - деп мәлімдеді аудандық милиция.

Адвокатқа сот шешімі бір күн бұрын шыққан, бірақ ол сот залынан шыққаннан кейін милицияға жеткізіліп, кейін босатылған.

Токтакуновқа іс оның сот кезінде айтқан сыны негізінде қозғалған. Ол сотта ұсталған құқық қорғаушылардың құқығын қорғаған.

Құқық қорғаушылар Ондуруш Токтонасыров, Динара Ошурахунова және Азиза Әбдірасылова 17 наурызда Ресейдің Бішкектегі елшілігі алдында Украинаны қолдап, Ресей басқыншылығын айыптап митинг өткізген. Кейіннен ұсталды. Сот оларды бұзақылық жасады деген айыптан ақтағанымен, милицияның заңды талабына бағынбады деген айыпен айыппұл салды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG