Accessibility links

Путин Украинадағы соғысқа қатысқандарға ардагер мәртебесін беру туралы заңға қол қойды


Владимир Путин.
Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа қатысқандарға ардагер мәртебесін беру туралы заңға қол қойды.

Әскери қимылдарға қатысқан ардагерлер мен мүгедектерге заң бойынша зейнетақы, түрлі қаржылай сыйақылар беріледі, тегін протез жасалады, үйсіздеріне баспана беріледі және өзге де жеңілдіктер қарастырылған.

23 наурызда мемлекеттік дума қорғаныс министрлігі наурыздың басында ұсынған заң жобасын үш оқылымда бірден мақұлдаған. Қазір ардагерлер туралы заң азаматтық соғыстан бастап СССР мен Ресей араласқан барлық ірі әскери қақтығысқа қатысқандарды қамтиды.

  • Ресей әскері 24 ақпанда Украинаға басып кіре бастаған. Путин Украинаны "денацификация" және "демилитаризациялау" мақсатында көрші елге "арнайы операция" бастағанын мәлімдеген. БҰҰ-ға мүше елдердің басым бөлігі оқиғаны Ресей басқыншылығы деп атап, Мәскеуден әскерін Украинадан алып кетуді талап етті.
  • Бір ай ішінде Украинаның көптеген қалалары атқылауға ұшырады. Елдің бір бөлігін Ресей әскері бақылауға алды. Қанша адамның қаза болғаны белгісіз. Мыңдаған адам өлді деген болжам бар. Ондаған қалада тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар, ауруханалар және өзге де азаматтық нысандар қирады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG