Accessibility links

"Путин, сенің бірде бір құпияң қалған жоқ". Anonymous хакерлері Ресей Орталық банкінің мәліметтерін жариялай бастады


Ресей Орталық банкінің базасын бұзып кіргенін мәлімдеген Anonymous хакерлері 25 Гб мәлімет жариялап жіберді. Anonymous бұл құжаттардың сілтемесін Твиттердегі аккаунтына шығарды.

Хакерлер мұндай құжаттарды интернеттің түрлі көздеріне таратқанын, егер цензураға ұшыраса жаңа сілтеме жариялайтынын, Ресей Орталық банкінің "құпия келісімдер" қорына кіргенін айтады.

Би-би-сидің Орыс қызметі "файл айырбас қорында банк иелері туралы мәліметтер мен жүздеген аудиторлық қорытындылар пайда болған" деп жазды.

Anonymous Ресей президенті Владимир Путинге видео үндеу жариялады.

"Путин, сенің бірде бір құпияң қалған жоқ. Сен қайда жүрсең біз де сондамыз, тамақ ішетін жеріңде де, жататын жеріңде де, зәулім сарайыңда да біз отырмыз. Орталық банктің мыңдаған құжатын жариялаймыз. Оның ішінде сенің олигархтарыңның неше түрлі құпиялары да, халықтан жасырып отырған экономикалық есептерің де бар", – дейді роликте.

Anonymous хакерлер тобы Ресей 24 ақпанда Украинаға басып кірген күні Ресей мемлекеттік мекемелері мен БАҚ-тарына кибер шабуыл жасайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін Кремль, Мемлекеттік дума, Қорғаныс министрлігі мен өзге де мемлекеттік мекемелердің сайттары шабуылға ұшыраған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG