Accessibility links

Зеленский соғыс басталғалы Ресей баспасөзіне алғаш рет сұқбат берді. Оны жариялауға Ресей тыйым салды


Владимир Зеленский
Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы алғаш рет Ресей журналистеріне сұқбат берді. Зеленскиймен "Медуза" басылымы мен "Дождь" телеарнасының бас редакторлары, "Новая газетаның" журналисі Михаил Зыгарь, "Коммерсанттың" арнаулы тілшісі Владимир Соловьёв сөйлесті.

Зеленскиймен әңгіме "Медуза" сайтына жарияланған. Алайда сайт қазіргі уақытта ашылмай тұр.

Роскомнадзор Ресей бұқаралық ақпарат құралдарына Зеленскийдің сұқбатын жариялауға тыйым салды. Ресей бас прокуратурасы сұқбатты жариялаған Ресей журналистерінің әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Журналистер Ресей әскері мен Ресей әрекетін қолдаушылар пайдаланып жүрген, Зеленскийдің аты-жөні басталатын V және Z таңбалары Зеленскийді көзін жоюдың белгісі ме деген сұрақ қойды. Украина жетекшісі "Зеленскийдің көзін жоюмен Украинаның ресейшіл саясаткері Виктор Медведчук тобы айналысқанын" айтты.

Зеленскйи сөзіне қарағанда Медведчуктің айналасындағылар Ресей билігінің Украина саясатына ықпалы азайып бара жатқанын түсініп, аймақтардағы сайлаулар кезінде жершілікті билікті әлсіретуге бағытталған пропагандамен шұғылданған.

Сұқбатта Зеленский Мариуполь қоршауы, гуманитарлық апат, эвакуация және тұтқындар мәселесін сөз еткен. Украина президентінің сөзінше, "Ресей тарапынан соғысқа қатысып жүрген өрімдей жастар көп, Ресей өлген солдаттары туралы ақпаратты жасырып отыр".

Зеленский соғыс басталғалы Ресей мен ресейліктерге деген көзқарасы күрт нашарлағанын білдіріп, Украинаны қолдағандарға алғыс айтты.

Зеленский сөзінше, "Украина мен Ресей келіссөзінде орыс тілінің статусы күн тәрбінде әлі тұр, көршілес Ресей, Румыния, Польша, Венгрия тілдеріне құрмет арнаулы келісімде белгіленеді".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG