Accessibility links

Чехия Ресей олигархтарының жүздеген миллион кронға бағаланатын активтерін құлыптады


CZECH-ELECTION/
CZECH-ELECTION/

Прага Украинадағы соғысқа байланысты санкцияға іліккен Ресей олигархтарының құны жүздеген миллион тұратын мүліктері мен шоттарын құлыптады. Мұны Чехия премьер-министрі Петр Фиала Чехия телеарнасының эфирінде айтты.

Ресей Украинаға басқыншылық жасамай тұрғанда Чехия президенті Милош Земан Мәскеуге санкция салуға қарсы болып жүрген. 24 ақпанда Ресей Украинаға шабуыл бастаған соң өзгеріп, мейлінше қатаң санкция салуға шақырған.

Фиала "Ресей президенті агрессияшыл саясатымен ешнәрсеге жете алмады, бірақ ол мұнымен тоқтамайды" деп санайды. Фиала Мәскеуге салынған санкциялар тарихтағы ең қатаң санкция деп бағалады.

Ресейдің басқыншы саясатын айыптаған әлемнің көптеген елдері Ресей экономикасына ықпал ететін түрлі санкциялар салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG