Accessibility links

Ресеймен келіссөзде Украина аумақтық тұтастығын сақтап қалуға ерекше көңіл бөледі


Украина президенті Владимир Зеленский.
Украина президенті Владимир Зеленский.

Стамбулда өтетін Ресей-Украина келіссөзінде Киев аумақтық тұтастығын сақтап қалу мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Мұны 28 наурыздағы мәлімдемесінде Украина президенті Владимир Зеленский айтты.

27 наурызда Ресей басшысы Владимир Путинмен телефонмен сөйлескен Түркия президенті Режеп Ердоған Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөзді Стамбулда өткізуге келісіп, тараптарды атысты тоқтатуға шақырған.

Ұлыбритания әскери барлау қызметінің 28 наурыз күнгі мәліметі бойынша, соңғы 24 сағат ішінде Ресей әскерінің Украинадағы позициясында айтарлықтай ірі өзгеріс болмаған. Ресей Украинаның қоршауда тұрған Мариуполь қаласы маңындағы тағы біраз жерді бақылауына алған.

Украина әскери барлау қызметінің жетекшісі Кирилл Буданов Ресей Украинаны екіге бөлуге тырысып жатыр деп айыптады. Бұған дейін Украинаның шығысындағы өзін-өзі "тәуелсіз республика" деп жариялаған Луганск облысының басшысы Леонид Пасечник Ресей қолдайтын сепаратистер бақылауындағы аумақта Ресейге қосылу туралы референдум өтетінін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG