Accessibility links

Британ барлау қызметі: Украина Слобода және Лукашовка елді мекендерін қайтарды


Чернигов қаласында атып түсірілген Ресей әскери ұшағының қалдықтары. Наурыз айы, 2022 жыл.
Чернигов қаласында атып түсірілген Ресей әскери ұшағының қалдықтары. Наурыз айы, 2022 жыл.

Ұлыбритания әскери барлау қызметі өкілдерінің айтуынша, 1 сәуірде Украина күштері елдің солтүстігіндегі Чернигов қаласы маңындағы Слобода және Лукашовка елді мекендерін орыс әскерінен қайтарған. Бұған қоса, Чернигов пен Киев қалаларын жалғап тұрған негізгі жол да Украина әскерінің бақылауына өткен.

"Украина сәтті қадамдарын жалғастырып жатыр, бірақ елдің шығысы мен Киевтің солтүстік шығысында шабуылға төтеп берумен ғана шектеліп жатыр" деді Ұлыбритания қорғаныс министрі Джеймс Хеппи.

Оның сөзіне қарағанда, Ресей Киев пен Чернигов маңында әскери қимылды бәсеңдететінін айтқанмен бұл аумақта әуе соққылары үдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG