Accessibility links

Киев облысында Украинаның белгілі фотографы Макс Левин қаза болған


Макс Левин
Макс Левин

Киев облысында Украинының танымал фотографы Макс Левин қаза болған. Ол биыл 40-қа толған. Бұл жөнінде Украина баспасөзі жазып жатыр.

Макс Левин 13 наурызда Ресей басқыншылығының салдарын суретке түсіру үшін Гута-Межигорская селосына кеткен. Ізінше ол жерде ұрыс қайта жалғасып, фотографпен байланыс үзілген. Денесі 1 сәуірде табылған.

Левин LB.UA, Reuters, Би-би-си, Associated Press және Украина мен өзге де халықаралық БАҚ-тарда жұмыс істеген. Оның фотосуреттері The Wall Street Journal, The Moscow Time, Vatican news, Азат Еуропа/Азаттық Радиосында жарияланған.

Наурыз айының ортасында Киев түбінде АҚШ-тың Fox News телеарнасы жүргізушілерінің бірі, оператор және фотограф Пьер Закржевский қаза болған еді. Украина ішкі істер министрлігінің сөзіне қарағанда, журналист Ресей әскерінің миномет немесе артиллерия оғының астында қалған болуы мүмкін.

23 наурызда Киевте Ресейдің The Insider басылымының журналисі Оксана Баулинаның өлген еді. Ол Киевтің Подольск ауданын Ресей әскері қалай атқылағанын суретке түсіріп жүріп, өзі де оққа ұшқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG