Accessibility links

"Бейбіт адамдардың денесі көшеде шашылып жатыр". Ресей әскерінен қалған Бучаға тілшілер барды


UKRAINE-CRISIS/BUCHA-BODIES
UKRAINE-CRISIS/BUCHA-BODIES

Ресей әскері Киев облысынан кеткеннен кейін Буча қаласынан кем дегенде 20 адамның денесі табылды.

Киевтің солтүстік-батысында тұрған, бір айдан астам Ресей әскерінің бақылауында болған Буча қаласында ондаған, тіпті жүздеген бейбіт адам өлтірілген болуы мүмкін.

Ресей әскері Беларусь шекарасына қарай жылдам шегіне бастағаннан кейін Украина әскері Буча қаласын алған. Қаланың кейбір көшелерінде адам денелерінің шашылып жатқаны әлеуметтік желіде жарияланған түрлі фото және видеолардан көрінеді.

2 сәуірде қалаға шетел БАҚ-тарының тілшілері келді, ішінде Reuters пен AFP те бар. Адам денелері шашылып жатқанын олар да растады.

Өлгендер бейбіт тұрғындарға ұқсайды, оларды кей таныстары танып та жатыр. Кейбірі атыс кезінде оқққа ұшқаны немесе минаға түскені байқалады. Фотосуреттерден қолы артына байлаулы жатқан адамның өліктері де көрінеді. Укрина президенті офисінің кеңесшісі Михаил Подоляк "оларды Ресей әскері атып өлтірген" деп санайды.

Қала мэрінің сөзінше, Буча қаласының 300-ге жуық тұрғынының денесі бауырластар зиратына көмілген.

Ресей Қорғаныс министрлігі Reuters бұл мәселе жайлы сұрағына жауап берген жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG