Accessibility links

Қазақстанда өткен жылдың наурызынан бері азық-түлік 15 пайыз қымбаттады —Ұлттық статистика бюросы


Базар маңына жайғасқан сатушылар. Көрнекі сурет
Базар маңына жайғасқан сатушылар. Көрнекі сурет

Қазақстанда 2021 жылдың наурызынан бері азық-түлік 15 пайыз қымбаттаған. Бұл ақпаратты Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің Ұлттық статистика бюросы таратты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қант 51,5 пайыз, жеміс-жидек 44 пайыз, картоп – 37,8 пайыз қымбаттаған. Құс еті 25,5 пайыз, күнбағыс майы 23,8 пайыз, жарма 22,2 пайыз, макарон өнімдері 17,7 пайыз, қой еті 16,7 пайыз, жылқы еті 15,1 пайыз, ұн 15 пайыз, бөлке және ұн өнімдері 13,6 пайыз, пастерленген сүт 13,1 пайыз, ет өнімдері 12,6 пайыз, сүт өнімедір 12,5 пайыз, қатты сыр 12,1 пайыз, нан, сары май 11,4 пайыз, кондитер өнімдері 11,3 пайыз, шошқа еті 11,1 пайыз қымбаттаған.

Минералды ауыз су бағасы бір жыл ішінде 15,9 пайызға, темекі 15,2 пайызға, салқын сусындар 14,3 пайызға, алкогольді ішімдіктер 9,6 пайызға өскен.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жұмыртқа 4,6 пайыз арзандаған.

Азық-түлік өнімдеріне жатпайтын тауар бір жылда 10,9 пайызға, ақылы қызметтер 8,3 пайызға қымбаттаған.

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы жылдық тұтыну инфляциясы наурызда 12 пайыз болған, өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда 3,3 пайызға көп деп санайды.

Ұлттық статистика бюросының есебі азық-түлік пен өзге де тауарлар қымбаттап жатқанда жарияланып отыр.

Қазақстан үкіметі 15 наурызда "жағдайды бақылап" отырғанын, экономикалық ахуалдың түрлі сценраийлерін шешуге дайындық жасайтынын мәлімдеген еді. Бұл мәлімдемеде бағаны ұстап тұру үшін түрлі шара қолға алғанын айтып, халықты тек ресми ақпараттарға сенуге шақырған. Арандату сипатындағы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын ескерткен.

Өткен жылы Қазақстанда халық инфляция өсіп, азық-түліктің қымбаттап бара жатқанына шағымданған болатын.

Ресей экспортты шектеген соң Қазақстанда қант қымбаттады
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:09 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG